Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация меңгеруші В. В. Данилова, әлеуметтік педагог А. Т. Қашкебаева, дефектолог Г. С. Серикбаева Әлеуметтік қызметтер мен көмектің интеграцияланған моделін енгізу мәселелері бойынша үш күндік семинар-тренингке белсенді қатысты (семинарларды «ЗУБР» Консалтинг орталығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасының бірлескен жобасы аясында ҚР БҒМ, ҚР ДСМ, ҚР ІІМ ведомствоаралық қолдауымен өткізді)
Семинар барысында алты сессия өтті:
Сессия 1. | 2019 жылы Қазақстанның 10 пилоттық өңірінде әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделін апробациялау бойынша пилоттық жобаны іске асырудың аралық нәтижелерін таныстыру.Ұсынылған нәтижелер негізінде жалпы пікірталас |
Сессия 2. | Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғыртудың негізгі бағыттарын, НҚА пакетін және заңнаманы жетілдіру жолдарын ұсыну. Презентация |
Сессия 3. | Интеграцияланған тәсіл жағдайында жұмыстың барлық кезеңдерінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл рәсімдерін, процестің барлық қатысушылары үшін 4 салада: әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарында мүмкіндіктер мен тәуекелдерді талқылау.Шағын топтардағы пікірталас |
Сессия 4 | Әлеуметтік қызметтер мен көмек көрсетудің интеграцияланған моделі шеңберінде кейс-менеджментті қолдану тетігі. Кейс негізіндегі жалпы пікірталас |
Сессия 5 | Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі. Қазақстан жағдайында үздік тәжірибелерді қолдану мүмкіндіктері.Ұсынылған материалдар негізінде жалпы пікірталас |
Сессия 6 |
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың (отбасылардың) түрлі санаттарына арналған құқықтар мен қызметтерге арналған жолсілтемелерді қоса алғанда, интеграцияланған модельді енгізу бойынша әдістемелік және оқу материалдарының таныстырылымы, мобильді қосымша, тақырыптық бейне-сабақтар сериясы және басқа да материалдар.Презентация |
08.10.2020
Қаралым саны: 505
Қаралым саны: 505