Дефектолог

Өмірінің бірінші жылындағы балалардың танымдық қызметін дамыту бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулар

Туылғанынан алты айға дейінгі балаларға арналған ойыншықтар

• Мобиль — кереуетінің үстінде ілініп тұрады — тұңғыш ойыншығы.
• Байыптап қарауға арналған ойыншықтар — сурет салынған тәрелкелер, табақтар, астаушалар, кілемшелер, мойыншақтар, жіпке ілінген шарлар, шашқа тағатын дыбыстауыш резеңкелер, қауырсындар, сәл үрленген шарлар (сонда олар жарылып кетпейді), ашық түсті қағаз гүлдер, сынбайтын шырша ойыншықтары, матрешкалар, түрлі-түсті пасха жұмыртқалары мен сабын көбіктері.
• Ересек адамның қадағалауымен ұстап көруге арналған ойыншықтар — ішінде бисер салынған шағын жұмсақ ойыншықтар, ішіне аса тығыздамай қарақұмық, бұршақ, мақта салынған, әртүрлі матадан (жібек, жасанды жүн тері, тері, барқыт және т.б.) тігілген қалташалар немесе доптар, жеңіл пластмасса стақандар немесе тәрелкелер, ыстықтың астына қойылатын сабан төсеніш, резеңке және пластмасса кілемшелер. Сәби әртүрлі заттарды ұстап көруден жаңа сезімдер алады. 
• Баланың сипауына арналған заттар — жүн терінің, әртүрлі маталардың қиықтары, мақта, қауырсындар.
• Есту анализаторларын дамытуға арналған заттар — сылдырмақтар мен қоңыраудан басқа, целлофанды, шытырлақ газетті, ішінде мойыншақтар немесе дәндер салынған аузы жабық пластмасса бөтелке. Сәл кейінірек бұл үшін дабыл да жарайды. 
Өмірінің алғашқы жылдарында балада дыбыстауыш заттарға жағымды әсері қалыптасады. Бірақ олар ащы емес, жұмсақ дыбыс шығаруы, баланы қорқытып жібермеуі тиіс. Шағын айна немесе айнасы бар ойыншық – өзін қарау үшін. Айнаның көмегімен бала өзімен-өзі алданып үйренеді.
• Байыптап қарауға, сосын итеруге, сосын ұстап алуға, ұстап тұруға және бір қолынан екінші қолына ауыстырып салуға арналған ойыншықтар — ағаш қасық, әртүрлі көлемдегі ашық түсті доптар, сылдырмақтар, кубтар, конустар, сақиналар, жіпке тізілген ірі мойыншақтар. 
• Қозғағанда дыбыс шығаратын ойыншықтар — неваляшка, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық қобдиша; жылжығанда сылдырлайтын доп, қоңыраулар. Олар балаға өзінің іс-қимылдары қандай да бір нәтиже беретінін түсінуге көмектеседі. Үлкен үрлемелі доп — денешынықтырумен айналысуға және кереуетте аяғымен тебуге арналған.
• Үрленген шеңбер — соның үстіне арқасымен және ішімен жатуға арналған. 
Сәбиге ашық түсті, бірінші айларда – сарғыш қызыл және қызыл ойыншықтар көрсетіңіздер, бірақ олар көп болмауы, екеу-үшеуден аспауы тиіс екенін ұмытпаңыздар. Баланың көзінен ойыншыққа дейінгі арақашықтық 25-30 см-ден кем болмауы тиіс — сонда олар бүкіл жанарын тұтас жаулап алмайды. Бұл сәбидің тек ойыншықты ғана емес, оның маңын да, алысты да көруі үшін қажет. Бұл жерде көз жанарының бұлшық еттері босайды да, көз демалады. Егер бала тек жақын орналасқан заттарға ғана қараса, бұлшық еттері ұзақ уақыт тартылып тұрады да, көз қатты шаршайды. 
Біраз уақыттан соң сәбидің өзі ұнататын сүйікті ойыншықтары пайда болғанын байқайсыз. Ойыншықтарды ауыстырып тұрыңыз, сүйіктілерін көз алдында сәл ұзағырақ қалдырыңыз. Ойыншығын танығандағы қуанышын бала «жандану кешенімен»* (аяқ, қол, дене қимылдары, жымиып күлуі және уілдеуі) білдіреді — бұл баланың сүйікті ойыншықтарын, сондай-ақ анасын, жақындарын есте сақтай бастағанын, танығанын көрсетеді.

0-ден 3 айға дейінгі жастағы баланың танымдық қызметін қалай дамытуға болады?

Айналада не болып жатқанын бақылау дағдысының бала дамуы үшін маңызы аса зор. Нақ осылайша ол өзінің қоршаған орта туралы білімін алады. Сонау ерте жастан-ақ қоршаған орта бала үшін қызықты болып, көзін тартып тұратындай жасау керек. 

1. Баланың қозғалып бара жатқан объектіні көзімен қадағалауын ынталандырудың ең қарапайым тәсілі мынадай. Сәл қараңғылау бөлмеде қолшам жағыңыз, лампочкасын жартылай мөлдір түрлі-түсті қағазбен жабыңыз. Осы қолшамды (лампочканы) баланың көз алдынан 25 см қашықтықта орналастырыңыз, сосын оны ақырындап алдымен оңға, солға, сосын жоғары және төмен жылжытыңыз.
2. Бала кереуетінің үстіне мобильді іліп қойыңыз да, оған баланың назарын аударатын әртүрлі ашық түсті заттарды бекітіңіз. Мобильдің басқа нұсқалары – тесіктері бар сақина, балалар шеңбері немесе киімілгіш, оларға ойыншықты байлап қоюға болады. Тағы бір қарапайым шешімі – кереуеттің арқасына екі сырықты байлап, арасына жіп керіп, соған мобильді іліп қою. Мұның негізгі мағынасы мынада: ұзын жіпте ілініп тұрған мобиль (киімілгіш) жан-жаққа шайқалады, өз осінен де айнала алады және, ең бастысы, бұл қозғалыс бір итергеннен кейін біршама ұзақ уақыт жалғасады. Мобильге байланған заттар баланың қолы жетпейтін жерде тұратындықтан, бұл, мысалы, шырша ойыншығы (тек шыны ойыншық емес, өйткені олар сынып кетуі мүмкін), түрлі-түсті қағаздан желімдеп жасалған кубтар немесе басқа да пішіндер, фольгадан жасалған шарлар немесе жай ғана түрлі-түсті қағаз жолақтары, ашық түсті қыстырғыштар болуы мүмкін. Бұл заттар баланы жалықтырып жібермеуі аса маңызды. Әрбір екі-үш күн сайын ең болмағанда бір затты ауыстырып тұрған абзал.
3. Егер Сіздің балаңыз төбесінде ілініп тұрған заттарға қарамай қойса, қатты қағаздан және түрлі-түсті қағаздан диаметрі 12 см сарғыш қызыл дөңгелек жасап, ортасына көзді тоқтату үшін айрықша «дақ» – диаметрі 5 см көк дөңгелек жапсырыңыз. Сосын адам бетінің суретін салып, іліп көріңіз. Бетті әжептәуір үлкен жасаңыз, диаметрі 10 см болсын, көздерін, ернін, беттерін және шашын бояп қойыңыз. Ол балаңызға ұнаса, Сіз сосын әртүрлі көңіл-күйді бейнелейтін (күліп тұрған, таң қалған, жайбарақат тұрған) бірнеше бет салып, оларды ауыстырып тұра аласыз.
4. Баланың назарын қозғалатын заттармен аудару оңай. Ойыншықтар ілінген мобильді немесе үрленген шарды қозғалтудың қарапайым тәсілі оларды жіппен немесе шнурмен баланың қолына (немесе аяғына) байлап қосу. Ояу баланың тыныш жатуы өте сирек, әдетте ол аяқ-қолын қимылдатып жатады. Мүмкін, басында бала өз қимылдары мен ойыншықтар ілінген мобильдің (киімілгіштің) немесе шардың қозғалуы арасында қандай да бір байланыс бар екенін байқамайды. Бірақ күндерде бір күні ол соған назар аударады, бұл балада ерікті қимылдар қалыптасуының бастауы болуы мүмкін. Шармен қатар осы шнурға қоңырау немесе дабыл іліп қоюға болады. Бұл бала үшін қызығырақ бола түседі.
5. Ағаш қасыққа үлкен көздер мен ауыздың суретін салып қойыңыз. Алдын ала қағаздан қиып алынған көздерді, ауызды, мұрынды жапсыруға да болады. 
Сәбиді ішіне жатқызыңыз. Өзіңіз оның артынан тұрыңыз да, қасықты оған 50 см қашықтықтан көрсетіңіз. Оны қолына жақын қойыңыз, айналдырыңыз, сырғытыңыз. Кереуеттің арқасына іліп қоюға болады – сонда ол шайқалып тұрады.
6. Сылдырмақтың немесе қоңыраудың дыбысын шығарыңыз, бірақ бала дыбыстың қайдан шыққанын көрмесін, оның есту қабілетін жұмылдыруға тырысыңыз. Сосын балаға сол дыбысты шығарған ойыншықты көрсетіңіз. Біраздан кейін тапсырманы қиындатыңыз: дыбыс шығарып тұрған затты балаға бірден көрсетпеңіз, оны дыбыс шығарған затты белсенді іздеуге тартыңыз. 
7. 2-3 айлығында баланы арқасынан сүйеп ұстап, қолға тік көтеріп алыңыз. Оны көз деңгейінде орналасқан, бір ашық түсті ойыншық жатқан сөреге жақындатыңыз. Баланың көзбен іздеуде дербестік таныту мүмкіндігі болуы үшін ол ойыншықты жақсы көруі тиіс. Сосын басқа ересек адам ойыншықты алып, баланың назарын соған аударта алады: шайқайды, дыбыс шығартады, атын атайды. Баланың затқа белсенді зерттеушілік қызығушылығын туғызу үшін баланы затқа жақындатуға немесе алыстатуға, дауыс ырғағын өзгерте және сөзді соза отырып, заттың атын атауға болады.

4-6 айлық баланың танымдық қызметін қалай дамытуға болады?

Бұл кезеңде балада сыртқы дүниеге зерттеушілік қатынасы пайда болады. Ол баланың жаңа затты көргенде ұстап алуға, сипауға, сiлкiлеуге, оны үстелге немесе кереуетке соғуға, аузына апаруға тырысуынан көрінеді. Қызығушылық сияқты мінез ерекшелігін қолдау және дамыту үшін мұндай мінез-құлықты мақтап, көтермелеп отыру аса маңызды. Баланың білімдер жинақтауының, яғни одан әрі интеллектуалдық дамуының қозғаушы күші қызығушылық екені баршаға мәлім. 
Анасы қолына алып, бауырына қысып, шайқағанынан баланың әлі де ләззат алатынын ұмытпау керек. Әсіресе әртүрлі жылы сөздер, тақпақ немесе өлең айта жүріп, оны жоғары көтерсе, онымен қоса айналса, қолында немесе аяғында тербетсе, бала аса жағымды әсерлер алады. Сонымен бірге, барлық бұл әрекеттер оның вестибулярлық аппаратын ынталандыруды жүзеге асырады. 
1. Бала бетінен бір қыры жағынан ашық түсті сылдырмақты сылдырлатыңыз немесе резеңке ойыншықты шиқылдатыңыз. Ол ойыншыққа бұрылып, ұстап алуға тырысқан кезде оны қолына беріп, аузына апаруына бөгет жасамаңыз. Ұстап алуы және сипап көруі үшін алуан түрлі заттар мен ойыншықтарды – қатты, жұмсақ, тегіс, бұдырлы, жеңіл және ауыр ойыншықтарды пайдаланыңыз.
2. Егер бала қарап тұрған ойыншыққа әлі қолын соза қоймаса, сіз бала қолын да, ойыншықты да көретіндей жоғарырақ көтеріп, ойыншықты ақырын ғана қолына тигізуіңізге болады. Сосын ойыншықты оның қолына беріңіз.
3. Егер бала ойыншықты әлі аузына апара қоймаса, қолына таза сылдырмақты немесе сақинаны ұстатып, ойыншық ұстаған қолын аузына апаруға көмектесіңіз. Сақинаның және сылдырмақтың үсті тегіс емес, бұдырлы болғаны жақсы. Бұл ойыншықты аузымен зерттеуге ынталандырады. 
4. Бала кереуетіне көлденең жіп керіңіз де, оған өзара түрі де, ұстауға да әртүрлі болатын заттарды кезекпен іліңіз. Бұл әртүрлі шағын ойыншықтар, бигуди, шар, пластик сақина, ішіне іртүрлі заттар (бұршақ, күріш және т.с.с.) салынған қалташалар, ағаш және металл қасықтар, ағаш кубтар, жаңа тіс щеткасы және т.б. болуы мүмкін. Оларды жіпке қатты бекітіңіз, бала оларды жұлып алып, жұтып қоятын болмасын. Балаңызға осы заттарды байыптап қарап, ұстау мүмкіндігін беріңіз. 
5. Баланың қолына ұстауға ыңғайлы және аузына салуы қауіпті емес бірнеше ойыншықты жинаңыз. Олардың әр алуан түсті болғаны, ұстағанда бір-біріне ұқсамағаны жақсы, ал қысқанда, ұрғанда немесе сiлкiлегенде олар дыбыс шығаратын болса, тіпті жақсы. Мезгіл-мезгіл ойыншықтарды ауыстырып отырыңыз.
6. Қимылдар жасағанда қандай да бір нәтижеге әкелетін заттар мен ойыншықтарды пайдаланыңыз: резеңке ойыншықты қысқан кезде дыбыс шығарады, сақина аударғанда, түсінің өзгергенін байқауға болады, ілініп тұрған ойыншықты бір ұшынан тартқанда басқасының тұрысы өзгереді. 
7. Кей-кейде балаңыздың берген тамақты қолымен ұстап көруіне бөгет жасамаңыз. Мейлі, ол қолын ботқа салынған тәрелкеге немесе шырын құйылған шыныға салып көрсін. Әрине, қолын былғайды, бірақ бұдан ол үшін тамақтың тартымдылығы артуы мүмкін. 
8. Егер бұрын жасамаған болсаңыз, баланы айнадағы өз бейнесімен таныстыратын уақыт жетті. Оған өзінің бас шайқанын, қолын қимылдатқанын бақылау өте қызықты. Біраздан кейін ол өзімен-өзі ойнап, өз бейнесімен алдана бастайды. 
Баланың арқасын өзіңізге қаратып, қолыңызға алыңыз да, ол өзін көретіндей етіп айнаға жақындатыңыз. Әдетте бала өзін таңдана қарай бастайды. Егер айнаға қарамай қойса, айна бетін тықылдатыңыз немесе баланың қолымен оның бетін сипап өтіңіз.
Ойын баланы айнадағы өз бейнесімен таныстырады.
9. «Дыбыстауыш ойыншық». Бұл ойын үшін басқанда дыбыс шығаратын нүктесі бар ойыншық қажет: ойыншық ұялы телефон, кішкентай күйсандық, музыкалық қобдиша және т.б.
Баланы ішіне жатқызыңыз, өзіңіз оның назарынан тыс жерде тұрыңыз. Оның алдына қол созым жерге ойыншық қойыңыз. Баланың көру әсерін күтіңіз. Егер ол қолын ойыншыққа созбаса, қолынан ұстап, әзірге ойыншықтың дыбысын шығартпай, саусақтарымен сипатыңыз. Балаға ойыншықпен өз бетінше ойнауға мүмкіндік беріңіз, ал өзіңіз сырттан бақылаңыз, асықтырмаңыз. Біраз уақыттан соң баланың артқы жағында тұрып, оның сұқ саусағын алып, нүктелердің біреуін басыңыз. Егер бұл қарапайым дыбыс болса, оны: «Ля-ля, Катенька», — деп әндетіп айтыңыз. Бұдан кейін балаға көмектеспей, оның ойыншықпен өзі ойнауына мүмкіндік беріңіз.
Ертеңіне ойыншықты баланың алдына тағы қойыңыз, кішкене ойнауына мұрсат беріңіз, сосын сәл әрірек жылжытыңыз – еңбектеуін ынталандыру үшін. Әдетте бала үстінде ойыншық жатқан көрпені өзіне тартады немесе өзі ойыншыққа жетуге талпынады.
Бала өзінің қолы қимылдамай, ойыншық та әндетпейтінін түсінуі тиіс. Бастапқыда бұл аса қатты емес, жайлы, әуезді дыбыстар болуы тиіс. Егер сіз әуеннің балаға ұнамайтынын немесе ол қандай да бір дыбыстардан қорқатынын, селк ете түсетінін байқасаңыз, ойынды екі-үш аптаға тоқтата тұрып, тағы қайталап көріңіз.
Баланың екі қолымен келісімді қимылдату қабілетін меңгеруі оның дамуы үшін аса маңызды.
10. Балаға алақанын соғуды үйрете бастаңыз. Алдымен оның қолдарын өз қолыңызға алып, бір-біріне соғыңыз. Соға отырып, «Алақай, алақай» әнін айтыңыз. «Ұшты-ұшты, басымызға қонды» деген сөздерде баланың қолын басына қойыңыз. Осы ойынды көп мәрте қайталаңыз. Бала қолын басына өзі қоятындай жағдайға жеткізіңіз. 
11. Баланың назарын оның қолдарына аударып, ол үшін қолдарын өз қолыңызға алыңыз, үрлеңіз, сүйіңіз, сосын өз бетіңізді сипатыңыз. Мұны баланың әр қолы әртүрлі қимылдар жасайтындай етіп істеңіз. Мысалы, оң қолын ерніңізге апарыңыз (және оны қимылдатыңыз), ал бұл кезде екінші қолымен бетіңізден шапалақтатыңыз. Сосын қолдарды ауыстырыңыз.
12. Балаға көлемі және ауырлығы әртүрлі ойыншықтар (доп, қуыршақ, кубтар) ұсыныңыз. Үлкен әрі ауыр ойыншықтың көмегімен балаға бір қолмен ұстап тұра алмайтын ойыншықты екі қолмен ұстауға болатынын көрсетіңіз. 
13. Оң қолында ойыншық ұстап тұрған балаға тағы бір ойыншық ұсыныңыз. Егер ол бірінші ойыншықты сол қолына ауыстырмаса, солай жасауға көмектесіңіз де, жаңа ойыншықты оң қолына беріңiз, енді ол әр қолында бір ойыншықтан ұстайтын болсын. Енді оң қолындағы ойыншықпен сол қолындағы ойыншықты ақырын ұрғылаңыз.

Жеті айдан бір жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтар 

• Әртүрлі қақпақтары, соның ішінде бұралатын қақпағы бар банкалар, қобдишалар, пеналдар. Бірінің ішіне бірін салуға болатын ыдыстар. Кәрзеңке, сөмке, үлкен қорап (қақпақсыз) және одан кішірегі. Баланың шелегі. 
• Қақпақтың немесе қораптың арнайы тесігіне тығуға болатын геометриялық фигуралар, кубтар мен цилиндрлер. Бұрап жүргізуге болатын механикалық ойыншықтар — мәшине, жұмсақ немесе қатты аң фигуралары.
• Кубтар, конустар, цилиндрлер — әр түсті. 
• Аяқ-қолы бүгілетін, шашы ұзын емес, бала өзі кигізіп-шеше алатын тақиясы бар шүберек қуыршақ. 
• Майда-шүйдесіз, бір ғана үлкен суреті бар клеенка кітапшалар. Жануарлардың бейнелері, отбасы мүшелерінің суреттері. 
• Сумен ойнауға арналған ыдыстар мен бұрап жүргізуге болатын ойыншықтар.
• Ең аз дегенде үш жануардың пластмасса немесе резеңке фигурасы.
• Көлемі мен түсі әртүрлі жұмсақ ойыншықтар.
• Мәшинелер — олардың біреуі міндетті түрде жібімен және кузовы үлкен болуы тиіс.
• Барабан, балалар сыбызғысы. Қоңырау. Металлофон. Кішкене орган.
• Ойыншық ұялы телефон. Музыкалық қобдиша.
• Балалардың сынбайтын ыдыстары мен асхана құралдары. Шәйнек бала өзі ашып-жабатындай қақпағымен болғаны абзал.
• Үлкен үрленбелі доп. Қозғалтқанда әуен шығаратын кішкене доп.
• Ересекпен бірге ойнауға арналған ойыншықтар: сабын көпіршіктері, мозаи¬ка, саусағымен сурет салуға арналған қауіпсіз бояулар, борлар, сурет салу үшін еденге жайылған үлкен қағаз парағы, ашық түсті открыткалар мен күнтізбелер. 
• Пластмасса балға.
• Ұшы доғал қауіпсіз өзегі бар, қарапайым (үш сақина) пирамида, үрлемелі болғаны немесе пластмассадан жасалғаны жақсы.

7-9 айлық кезде баланың танымдық қызметін қалай дамытуға болады?

1. Баланың қолына ұстауға оңай және сілкігенде дыбыстайтын кішкентай зат беріңіз. Бұл сылдырмақ, қоңыраулары бар сақина немесе ішіне аз ғана күріш не бұршақ салынған шағын пластмасса бөтелке болуы мүмкін. Егер бала затты өзі сілкілемесе, оны қолмен сілкілеп көрсетіңіз. Мұны бала өзі сілкілеп бастағанға дейін бірнеше рет жасаңыз. Соғып, тықылдатуға болатын затпен, мысалы, ағаш қасықпен де солай істеңіз. 
2. Балаға екі зат ұсыныңыз, оның біреуінен дыбыс шығару үшін сілкілеу керек, ал екіншісін бұл үшін қысу (резеңке ойыншық) керек. Кейінірек тықылдату қажет затты қосуға болады. Әр затпен не істеуге болатынын көрсетіңіз де, балаға солай істеуді ұсыныңыз. Балаға затқа сәйкес іс-қимылдар сызбасын меңгеруге көмектесіңіз. Сосын бір түрлi және одан басқа түрлі бірнеше зат беріңіз де, баланың олармен не істейтінін қараңыз.
3. Балаға ойыншықты еденге лақтырып, қалай құлайтынын қарауға бөгет жасамаңыз. Бала өзінің биік орындығында отырғанда қолына доп беріңіз. Оны тастап жіберіп, бала доптың қалай секіргенін қызыға қарап тұрады. Құлаған кезде қатты дыбыс шығаратын бір зат (кастрюльдің қақпағы), сосын дыбысы шықпайтын бір зат (жаялық) беріңіз.
4. Бала әр қолында бір заттан ұстап үйренген кезде оның қолдарына қасықтар, кішкене қақпақтар, ағаш ойыншықтар және т.б. ұстатыңыз да, қолдарын олар бір-біріне соғылатындай қимылдатыңыз. Соққан кездегі дыбыс біршама қатты және ұнамды болатындай заттарды алдын ала таңдаңыз, сонда бала бұл қимылды тез меңгеріп, әртүрлі заттармен жиірек қолданатын болады.
5. Балаға үстіңгі беті күрделі, тесіктері, бунақтары, кесіктері бар әртүрлі заттар беріңіз. Оларды қалай сипап байқайтыныңызды балаға көрсетіңіз. Баланың қолын алып, заттарды сипатуға болады.
6. Балаға кішкене қозғалмалы бөлігі бар, бұрауға болатын қалам немесе басуға болатын кнопка сияқты ойыншықтар беріңіз. Бұл әрекеттердің нәтиже беруі, мысалы, шам жанғызуы немесе дыбыс шығаруы аса маңызды. Не істеу керек екенін балаға көрсетіңіз, ары қарай ол өзі табандылықпен жаттығатын болады. 
7. Балаға тамақ берерде оның алдына үстел үстіне үш салфетка қойыңыз. Балаға печеньені көрсетіп, салфетканың біреуінің астына жасырыңыз. Баладан печеньені табуды өтініңіз. Тауып алғанда, оған жеуге беріңіз. 
8. Соған ұқсас жағдайда ойыншықты тығыңыз. Мейлі, бұл кереуетте жатқан екі жаялық немесе жастық болсын, біреуінің астына ойыншықты жасырыңыз. Қайда тығып жатқаныңызды бала көрсін. Баладан ойыншықты табуын өтініңіз. Егер ол мұны әлі жасай алмайтын болса, ойыншықты жартылай ғана жасырыңыз. Ойыншықтың шеті балаға көрініп тұрсын. Сосын шындап жасыруға көшесіздер.
9. Көбірек пластмасса қақпақ жинаңыз. Бәрін бір ыдысқа салып, сосын баланың көз алдында үстелдің үстіне шашыңыз. Оларды жинай бастаңыз, баланы да солай жасауға шақырыңыз.
10. Ыдыс алыңыз да, оған ірі бұршақ немесе бұршақ салыңыз, ыдыстың ішіне жұмсақ ойыншықты тастап, оны бұршақтың астына көміп жіберіңіз. Баладан осы ойыншықты алып шығуын өтініңіз. Бұл жерде ол міндетті түрде бұршақты үстел үстіне шашып-төгеді. Оны жинап, ыдысқа салуға көмектесіңіз.
11. Тамақ үстінде балаға тамақтың ұсақ бөліктерін саусақтарымен өзі алуын өтініңіз, сосын ол оны аузына салады. Бұл ірімшіктің, жемістің, пісірілген көкөністің немесе печеньенің бөлшектері болуы мүмкін. Баланың қолын жүргізе отырып, осындай бөлшекті қалай алып, ауызға салуды көрсетіңіз. Соны өзі жасай бастағанда, баланы мақтап қойыңыз.
12. Ескі төсекжапқышқа матаның қиықтарын, әр түсті және көлемді түймелерді, шуда жіптерді, резеңкені, бантты, кнопканы, ілмекті және т.б. тігіп қойыңыз. Мұнда оларды қатты тігіп тастамаңыз, бұл заттарды саусақтармен ұстап алуға болатындай, мықты жіппен бос етіп шалып қойыңыз. Төсекжапқышты едендегі кілемнің немесе көрпенің үстіне жайыңыз. Баланы ішіне жатқызыңыз. Ойыншықтар әзірге қажеті жоқ. Ол жаңа заттарға назарын бұрсын, қолымен ұстап көрсін. Бала түймеден немесе барқыт қиығынан ұстап тартып, қырына, арқасына аунап жатуы мүмкін. Ол отырып, түймені саусақтарымен алуға тырысуы мүмкін. Баланың назарын аудармаңыз!
Ойын қолдың ұсақ қимылдарын дамыту, зейін қоюды қалыптастыру үшін аса бағалы.

10-12 айлық кезеңдегі баланың танымдық қызметін қалай дамытуға болады?

Анасы екі тәсілмен балаға жаңа іс-қимылдарды үйрете алады: осы іс-қимылдарды өзі жасай отырып, қалай істеу керек екенін көрсетеді; егер бала бірдеңені жасай алмай жатса, ол баланың қолын өз қолына алып, оған сол әрекеттерді жасауға көмектеседі.
1. Әртүрлі заттарды бір-бірлеп қорапқа қалай салуды балаға көрсетіңіз, сосын оны сілкілеңіз, бала тыңдасын. Сосын заттарды қораптан шашып тастаңыз да, баладан оларды жинауды өтініңіз.
2. Балаға әртүрлі іс-қимылдарды көрсетіңіз: допты домалатыңыз, мәшинені жүргізіңіз. Допты бір-біріңізге қалай домалатуға болатынын көрсетіңіз. Ойын кезінде бала допты бірден қағып ала алмаса, оған алаңдамаңыз.
Мәшинені алға-артқа жүргізуді «дрр», «вжж» немесе «би-би» деген, кейін бала мәшинені білдіру үшін қайталап сала алатын қандай да бір дыбыстармен жасаңыз.
Егер бала допты домалатуда, мәшинені жүргізуде сіздің әрекеттеріңізді бірден қайталай алмаса, оның алақанын алып, ойыншықтың үстіне қойып, бірге қозғаңыз. Сосын допты домалатуды және мәшинені жүргізуді кезекпен жасауды ұсыныңыз немесе ойында екі допты немесе екі мәшинені қолданыңыз, бір ойыншықты – сіз, екіншісін бала домалатады.
3. Мәшинені қолмен жүргізіп үйреткеннен соң, оған жіп байлаңыз да, балаға жіппен қалай сүйретуге болатынын көрсетіңіз. Жіпті әртүрлі ойыншықтарға (жүк мәшинесіне, арбаға, паровозға және т.с.с.) байлаңыз да, еденде қалдырыңыз. Бала бөлмеде еңбектеп немесе түрегеп жүрген кезде ойыншықты соңынан сүйретсін.
4. Мәшинеге әртүрлі ұсақ заттарды (кубтар, сүт бөтелкесінің қақпақтары, арбағаштар) қалай салуға, сосын оны бір жерге апарып төгуге болатынын көрсетіңіз.
5. Балаға пирамида сатып алып, өзегіне сақиналарды қалай кигізетінін көрсетіңіз.
6. Балаға бірінің ішіне бірін салуға болатын пластмасса стақандарды ойнауға беріңіз. Оны қалай жасауды көрсетіңіз де, осылай ойнауды өтініңіз.
7. Балаға затты әртүрлі тәсілдермен алуды үйретіңіз. Оның алдына бір ұшына ойыншық байланған шнур қойыңыз, бірақ ойыншыққа баланың қолы жетпейді. Шнурдың ұшынан тартып, ойыншықтың жылжығанын балаға көрсетіңіз. Баладан шнурды тартуды өтініңіз. Таяқтың көмегімен затты қалай алуға болатынын да осылайша көрсетіңіз.
8. Балаға ойыншықтарын жәшікке салуды үйрете бастаңыз. Әр жолы бала ұйқыға жатар алдында оған: «Ойыншықты жинауға көмектесші», - деп айтыңыз. Саусағыңызбен ойыншықты нұсқап, «Ал», - деңіз. Сосын «Жәшікке апар» деп, жәшікті көрсетіңіз.
9. Күрішті пісіріңіз. Жүзімді жеке жуып, қайнатып алыңыз.
Баланың үстеліне күрішті төгіп қойыңыз. Жеке бұрышқа жүзімді үйіңіз. Жүзімнен жолды немесе үстелге жиекті қалай жасауға болатынын көрсетіңіз. «Қара, қандай керемет!», - деп айтып отырыңыз. Соңында қолдарыңызбен күріш пен жүзімді араластырып жіберіңіз.
Тамақты жерге шашуға рұқсат етпеңіз. Баланың назарын аударып жіберіңіз, қызықтырып алыңыз. Бұл ойынды әдетте тамақтан кейін ойнайды. Бұл баланы құммен ойнауға дайындайды, саусақтарды, қиялды және шығармашылық белсенділікті жақсы дамытады.
10. Таза қорап алыңыз, оған көп-көп шүберектер немесе қағаздар салыңыз. Солардың арасына кішкене ойыншықты, мысалы, қоянды жасырыңыз. Қорапты балаға қарай жылжытып: «Қара, мында не жатыр?», - деңіз. Егер бала қызықпаса, біркелкі үйменің ішінен кенеттен сүйікті ойыншығының құлағының ұшы шыға келсін. Баламен қосыла таңданыңыз, одан көрініп тұрған не екен деп сұраңыз.
Келесі жолы жалпақ немесе қатты бірдеңе жасырыңыз.
Ойын ойлау қабілетін дамытады, қолдың ұсақ қимылдарын жетілдіреді. Бала өзі көрмей тұрғанда да, заттардың болатынын түсіне бастайды.

Өмiрiнiң екiншi жылындағы балалардың танымдық қызметiн дамыту бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулар

Баланың танымдық қызметiн қалай дамытуға болады?

Жаңа дүниелер мен жаңа сезiмдер iздеуде өмiрiнiң екiншi жылындағы балаларды алуан түрлi заттар қызықтырады – бұл жақсы таныс жеке заттар, тұрмыс бұйымдары және басқа да жақын айналасындағы объектiлер. Танымдық белсендiлiгiн ынталандыру үшiн арнайы заттар – дидактикалық ойыншықтардың мәнi зор. 
Сезiмдiк түсiнiктердi дамытуда дидактикалық ойыншықтардың орны ерекше, өйткенi олар заттардың пiшiнiне, көлемiне қатысты қорытылған ақпарат қана емес, заттардың байланысы мен қарым-қатынасы, олардың айналамен өзара ықпалдастығы туралы айқын да қарапайым түсiнiктер бередi. Сонымен бiрге, дидактикалық ойыншықтардың баланың тұрақты бағытталған қызығушылығын қолдайтын тамаша ерекшелiгi бар, олармен өз бетiнше әрекет етуге толық мүмкiндiк бередi, нәтижесiнде бұл баланың өзi үшiн шағын жаңалықтар ашуына жол ашады. 
Өмiрiнiң екiншi жылындағы балалармен ойнауүшiн ойыншықтардың 5түрiн ұсынуға болады.
1. Өзекке кигiзуге арналған ойыншықтар: ортасынан өтетiн тесiгi бар сақиналар, төлкелер, шарлар, кубтар, жарты сфера.
Мұндай ойыншық түрлерiмен жаттығу саусақтың қимылын, әсiресе қарама-қайшы әрекеттер жасағанда – заттарды кигiзiп-шығаруда қол қимылдарының үйлесiмдiлiгiн дамытуға ықпал етедi. Тапсырмаларды орындау 2 жазықтықта өтедi: көлденең (жұмсақ шнурға өткiзу және шығарып алу) және тiк (өзекке кигiзiп, шығару).
2. Көлемдi геометриялық фигуралар: шарлар, кубтар, призмалар және басқалар.
Аталған заттар мақсатты түрде iс-қимыл жасауға, түсi, үлкендiгi немесе пiшiнi бойынша топтауға және салыстыруға арналған. Тапсырмаларды орындаудың – заттарды салу мен шығарудың әртүрлi нұсқалары бар. Мысалы, пiшiнi мен үлкендiгi әртүрлi заттарды қорапқа салу мен шығару, белгiлi бiр пiшiнi мен өлшемi бар тесiктерге тығу, бiрiктiру және айыру, үстiне қою және жанына қою, домалатып кiргiзу және т.с.с.
3. Геометриялық салымша-ойыншықтар (кiшкентайы үлкенiне салынатын түрлi-түстi кубтар, салымшалар, конустар, жарты сфералар).
Ойыншықтардың бұл түрiмен жасалатын қимылдар баланың кеңiстiкте бағытталуын дамытуға, оны қуыс заттардың физикалық қасиеттерiмен таныстырға мүмкiндiк бередi. Қуыс ойыншықтармен iс-қимылдар жасау барысында балалар сондай-ақ саусақ ұштарын жаттықтырады, бас бармақ пен орта және сұқ саусақтардың рөлi дараланады.
4. Халықтың жиналмалы-шашылмалы дидактикалық ойыншықтары (матрешкалар, бөшкелер, пирамидалар). Өмiрiнiң екiншi жылындағы балаларға арналған барлық ойыншықтар – бiр түстi, суретсiз.
Олармен iс-қимылдар орындау кеңiстiкте бағытталуға, 2 бiрдей немесе ұқсас бөлiктерден затты жинай бiлуге ықпал етедi.
Балаға мұндай тапсырма берудiң жалпы ережесi мынадай: 1 жас 8 айға дейiнгi балаларға бiр орынды, ал 1 жас 8 айдан үлкендерiне екi орынды ойыншықтар берiледi. Алайда балалар тапсырманы оңай орындаған жағдайда бiртiндеп қиындату ұсынылады.
5. Шағын сюжеттiк ойыншықтар: қуыршақ, мәшине, шырша, саңырауқұлақ, көкөнiс, жемiс, сондай-ақ қандай да бiр белгiлерi бойынша iрiктелген заттар: қорап, катушка, шырша жаңғағы, емен жаңғағы және т.б.
Ұсынылатын ойыншықтар тiзбесiн бергеннен кейiн, олармен тiкелей ойын әрекеттерiне көшiп, кейбiреуiн қарастырып өтейiк.

1 жас - 1 жас 3 ай

Бұл кезеңде балаларды заттармен өзара байланысты тура және керi әрекеттер жасауға үйрету қажет:
- шарларды шашу және жинау, шығару және салу, қорапқа, шелекке ауыстырып салу, арықшамен домалату;
- түрлi-түстi қақпақшаларды шашу және жинау;
- өзекке бiрдей 5 сақинаға дейiн кигiзу;
- қуыс заттарды бiрiне-бiрiн салу;
- 2 бөлiктен тұратын ойыншықты жинау.
Балалардың назарын әртүрлi дыбыстар шығаратын түрлi материалдардан (ағаш, металл, қағаз, мата) жасаған заттарға аудару қажет; ақырын және қатты дыбыс шығаратын (дыбыстарды дауыстап қайталап отыру керек: бам-бам, тық-тық, дыз-дыз).
Қораптан заттарды бiр-бiрлеп алуды үйретiңiз.
Қорапты бала одан заттарды бәрiн аудара салмай, бiр-бiрлеп алатындай етiп ұстаңыз.
Iшi түрлi-түстi кубтармен толтырылған үлкен шараны алыңыз. Балаға кубтарды қалай алу керек екенiн көрсетiңiз. Оған шараны берiңiз де: “Маған бiр куб бершi”, - деңiз. Егер қажет болса, баланың қолын бағыттай отырып, оған көмектесiңiз. Одан әрi баланың iс-қимылдарын ауызша ғана бағыттап отырыңыз. Тырысқаны және жетiстiктерi үшiн баланы мақтап қойыңыз. 
Шараның (қораптың) түбiне бiр тәттi нәрсе салып қойыңыз. Бала заттарды шығарғанда, тәттiнi алатын болады.
Бала сiзге сөмкеден жайманы, жәшiктен, үстелден қасықтарды, әкелiнген азық-түлiктi шығаруға көмектессiн. Сөмкенiң түбiне бiр тәттi салып қойыңыз.
Балаға кубтардан “мұнара салуды” үйретiңiз. 
Неғұрлым iрi кубтан (5-8 шаршы см) бастаңыз. Балаға бiр кубтың үстiне екiншiсiн қоюды ақырындап көрсетiңiз. “Алдымен мынау, сосын мынау, сосын мынау”, - деп айтып отырыңыз. Сосын кубтарды балаға берiңiз де, сiздiкiне “ұқсас мұнара жасауды” өтiнiңiз. Жетiстiктерi үшiн баланы мақтап отырыңыз. Егер сiздiң көмегiңiз қажет болса, баланың қолын бағыттап отырыңыз, бала осы дағдыны меңгерген сайын бiртiндеп өз көмегiңiздi азайта берiңiз.
Сақиналарды өзекке кигiзудi үйретiңiз.
Бiр қолыңызбен бос өзектi ұстап тұрыңыз да, сақинаны кигiзiңiз. Өзектi ұстап тұрып, балаға сақинаны берiңiз, “Сақиналардан пирамида жинайық”, - деп айтыңыз. Қажет болғанда, балаға сақинаны қолына дұрыс алып, өзекке кигiзуiне көмектесiңiз. Сақиналарды кигiзудi кезекпен жасап, бiртiндеп балаға өз бетiнше iстеуге беруге болады. Сәттi iстегендерi үшiн оны мақтап қойыңыз. Пирамиданы жинағаннан кейiн, оны балаға қайта шашуға берiңiз.
Кiшкентай затты үлкенiмен жабуды және керi iстеудi үйретiңiз.
Балаға салымша-кубтарды қуыс жағын төмен қаратып берiңiз. Үстiндегi кубты алыңыз да, астынан кiшiрегiн тауып алып, таң қалыңыз. Балаға кең қармап ұстап, кубтарды шығаруға көмектесiңiз. Балаға тек 2 куб берiңiз (үлкен және кiшi көлемдi). “Кел, кубты жасырайық”, - деп айтып, кiшi кубтың үстiн қалай жауып қоюды көрсетiңiз. Жетiстiгi мен талабы үшiн баланы мiндеттi түрде мақтап отырыңыз.

1 жас 3 ай – 1 жас 6 ай

Балаға аттас дидактикалық ойыншықтармен (матрешкалармен, бөшкелермен және т.б.) iс-қимылдар жасатуды, тура және керi әрекеттер орындатуды жалғастыра беру керек. Ересек адамның көмегiмен көлемi әртүрлi 2-3 сақинадан тұратын үшкiр негiздi пирамиданы белгiлi бiр кезекпен жинауды, сосын көлемi әртүрлi екенi бiрден көрiнетiн 2 сақинадан тұратын тiк негiздi пирамиданы жинауды орындату қажет.
Балаға дөңгелек пiшiндi жалпақ заттарды кигiзудi үйретiңiз.
Сақиналар мен шеңберлердi пайдаланыңыз, фигураларды алып, оларды баламен қосыла зерттеңiз: домалатуға болады, сақинаның тесiгiн тауып алыңыз және оның тегiс және жазық бетiн қолмен сипап өтiңiз.
Шарларды кубтардан ажыратуды үйретiңiз.
Бiр түстi шарлар мен кубтар аралас жатқан қорапты пайдаланыңыз. Кубтар мен шарларды кезекпен алып, пiшiнiн зерттеңiздер: кубтың бұрыштары мен қырларын табыңыздар, шарды қолыңызда домалатыңыз. “Мынау шар. Ал мынау куб”, - деп заттарды атап отырыңыз.
Шарды домалатуға арналған науашаны пайдаланыңыз. Шарды тағы бiр қарап алып, оны науамен домалатыңыз: “Шар домалап барады”. Кубты тағы қайталап зерттеп алып, науаға қойыңыз: “Домаламайды”. Балаға тек шарларды ғана iрiктеп алуды тапсырыңыз.
Одан әрi әртүрлi көлемдi, әр түстi және әртүрлi материалдан жасалған шарларды ұсыныңыз.
Бала геометриялық заттардың қасиеттерiн меңгерген сайын өз көмегiңiздi азайта берiңiз. Бала науашамен кәмпиттi өзi домалатып, оны жеп алсын. Бұл оған сый болады!

1 жас 6 ай – 1 жас 9 ай

Бұл жас кезеңiнде екi орынды дидактикалық ойыншықты жинай бiлудi қалыптастыру керек. Заттарды көлемi бойынша таңдап, оларды тиiсiнше атай бiлу керек: үлкен, кiшкентай, “кiшiрек” деген сөздiң мәнiн түсiнуi тиiс. Ересек адамның сәл көмегiмен 2-3 сақинадан тұратын конус негiздi, сосын тiк негiздi пирамидаларды жинауы қажет.
2 бiрдей бөлiктен тұратын жиналмалы-шашылмалы ойыншықтармен әрекеттер жасатып, көлемi бойынша бiртектес заттарды iрiктеп алуды үйретiңiз.
Балаға 2 бөшке берiңiз (үлкен және кiшкентай), олардың бiреуi шашылмалы. Оны шашыңыз да, қайта жинаңыз, егер әлi де көмек керек болатын болса, бөшкенi ашуды орындауға көмектесiңiз: оның жоғарғы бөлiгiн бұрап, тартыңыз.
Екi бөшкенi қараңыз, бiр-бiрiне жақындатып, бiрiнiң үстiне бiрiн қойыңыз. Салыстыра отырып, “Мынау үлкен бөшке”, “Мынау кiшкентай бөшке”, - деп айтыңыз. Сосын: “Қай бөшке кiшкентай?”, - деп сұрап, соны көрсетуiн өтiнiңiз.
Бөшкенi ашу әрекетiн қайталаңыздар және кiшкентай бөшкенi үлкенге салып жаттығыңыздар. Баладан: “Кiшкентай бөшке қайда?”, - деп сұраңыз. Сiлкiлеген кезде, оның үлкен бөшкенiң iшiнде тықылдағанын тыңдаңыздар: “Тық-тық! Iшiнде бiрдеңе тықылдайды”.
Балаға шашылған ойыншықтың iшiне өзiнiң қалауы бойынша кез келген затты жасыруына мүмкiндiк берiңiз.
“Үлкен”, “кiшкентай” деген ұғымдар меңгерiлгенiне сенiмдi болғаннан кейiн, бiртектi заттардың: кiшкентай, үлкенiрек, ең үлкен, үлкен, кiшiрек, кiшкентай тiзбесiнде “үлкенiрек” және “кiшiрек” заттарды ажыратып жаттығуларыңызға болады.
Екi матрешкадан тұратын матрешканы жинауды үйретiңiз.
Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинап жатқан кезiңiзде, бала сiздiң қимылдарыңызды қайталасын.
Матрешканы бала жинап жатқан кезде оған ауызша нұсқау берiп отырыңыз: “Кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Осы кiшкентайды ана үлкенiректiң iшiне сал”. Бiр матрешкадан бiртiндеп қосып отырыңыз.

1 жас 9 ай – 2 жас 

Бұл жаста балаларға екi орынды дидактикалық ойыншықтарды жинауды, екi бөлiктен таңдаған кезде тиiстi бөлiк-салымшаны табуды, қораптарға ұқсас пiшiндi (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) қақпақты табуды үйретудi жалғастыра беремiз.
Заттардың аралық көлемдерiне сәйкес “кiшiрек”, “үлкенiрек” деген сөздердi түсiнуi тиiс. Көлемi қарама-қайшы 2-3 iрi сақинадан өз бетiнше пирамида жинауы керек. Тапсырманы заттың 2 қасиетiне – түсi мен көлемiне, пiшiнi мен түсiне бiрдей бағыттала отырып орындау. 
Бiртектi заттарды бiр қасиетiне (түсiне, пiшiнiне, көлемiне) бағыттала отырып iрiктеуге үйретiңiз.
Мәшинемен ойнаңыздар, оларды өздерiнiң гараждарына қою керек. Ойынның мiндетi мәшинелердi алдын ала көлемiн салыстырып алып, тиiстi тесiктерге кiргiзу қажеттiгi болып табылады. Шынайы да эмоциялы болыңыз. Баланың мәшиненi сол қолмен де, оң қолмен де жүргiзуiн қадағалаңыз.
Үлкен немесе кiшкентай мәшине қандай да бiр гаражға неге кiретiнiн немесе кiрмейтiнiн түсiндiрiп отырыңыз.
Көлемi бiрдей, түсi әртүрлi мәшинелермен осыған ұқсас әрекеттер жасаңыз. Гараждың орнына мәшиненiң түсiне сәйкес келетiн түрлi-түстi қағаз жолақтарын пайдаланыңыз.
Ұқсас заттарды, суреттердi iрiктеуге үйретiңiз.
Балаға жақсы таныс 4 заттан (2 куб, 2 доп және т.б.) бастаңыз. Бiр кубты алып, баладан: “Басқа кубты тап” деп өтiнiңiз. Доптармен соны қайталаңыз. Бiртiндеп iрiктелуге қажеттi заттардың саны мен түрлерiн арттыра берiңiз. Заттардың орнына суреттердi қойып, сол әрекеттердi қайталаңыз. Түрлендiру үшiн бiрдей заттары бар 2 целлофан пакеттi қолданыңыз. Сiз өз пакетiңiзден затты шығарасыз да, баладан сондай затты өз пакетiнен табуын өтiнесiз.
Балаға бiр зат бейнеленген суретке сондай затты тауып алуды үйретiңiз.
Балаға өзiнде бар ойыншықтарды бейнелейтiн суреттер ұсыныңыз. Оған қуыршақты берiңiз де, қуыршағы бар суреттi табуын өтiнiңiз. Ұқсас тапсырманы басқа да таныс заттармен қайталаңыз. Суреттi көрсетiп: “Мынау қонжық аю. Маған басқа қонжық аюды тауып бершi”, - деп айтыңыз.
Пiшiндерi әртүрлi заттарды ажырата бiлудi үйретiңiз.Аяқ киiмнiң қорабынан дөңгелек, үш бұрышты және шаршы пiшiндi “тесiктерi бар жазықтық” жасаңыз. Фанерадан немесе қалың картоннан осы тесiктерге сәйкес бiрнеше фигураны кесiп алыңыз. Тесiкке бiр фигураны тастап жiберiп, баладан не талап етiлетiнiн оған көрсетiңiз. Сосын балаға басқа фигураны берiп, егер қажет болса, оны қайда тығуды көрсетiңiз. Балаға көмектесiп, оның қолын тесiкке бағыттаңыз. Ол осы дағдыны меңгерген сайын өз көмегiңiздi азайта берiңiз. Жетiстiктерi үшiн баланы мiндеттi түрде мақтаңыз.

Өмiрiнiң үшiншi жылындағы баланың танымдық қызметiн дамыту бойынша ата-аналарға арналған нұсқаулар

Баланың танымдық қызметiн қалай дамытуға болады?

Баланың ақыл-ойын дамытуда дидактикалық ойыншықтармен ойнау бұрынғысынша маңызды орын алады. Екi жастағы балалардың бұл ойыншықтармен ойнау дағдысы бар, олармен шұғылданғанды жақсы көредi. Пирамидалар, мұнаралар, матрешкалар және т.б. анағұрлым күрделi нұсқаларында жиналады. Бұл ретте ұсақ та нақты әрекеттердi, мысалы, бiр бөлiктi екiншiсiне қою ғана емес, сонымен бiрге матрешкалардағы немесе басқа да суреттер салынған ойыншықтардағы суреттердi сәйкес келтiру керек. 
Бала заттардың қасиеттерiн талдайды, олардың заңдылығын табады, оларды өзара салыстырады. Бұл бiлiктер өмiрiнiң үшiншi жылындағы балаларға iрiктеу, топтау, заттарды 2 қасиетiне (түсi мен пiшiнiне) бiрден бағыттала отырып салыстыру сияқты неғұрлым күрделi мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi. Олар бұл тапсырмаларды бiршама жеңiл орындайды, әрекеттердiң бiр бөлiгiн ақыл-оймен шеше отырып, iс жүзiнде салыстыруға көп бара бермейдi, көрнекiлiкке азырақ сүйенедi.
Өмiрiнiң 2-шi жылындағы сияқты, мұнда да дидактикалық ойыншықтардың 5 түрi пайдаланылады: кигiзуге (әртүрлi пирамидалар); салуға және шығаруға арналған көлемдi геометриялық фигуралар (шарлар, кубтар, конустар, цилиндрлер); жиналмалы-шашылмалы үш орынды матрешкалар, жұмыртқалар, бөшкелер және басқалар. 
Егер 2 жастағы бала ересек адамның көмегiмен бiртiндеп кiшiрейетiн 4-5 сақинаны жинайтын болса, онда үшiншi жылы оны осы тапсырманы өз бетiнше орындауға үйретедi. Осы мақсатта алдымен 4-5 сақинадан тұратын бiр түстi пирамида жинау, сосын қызыл және көк түстi немесе сары және көк түстi осындай 2 пирамида жинау, яғни сақинаның көлемi мен түсiне бiрдей бағытталу ұсынылады
2,5-нан 3 жасқа дейiнгi балалар бөлшектердi түсi, пiшiнi немесе көлемi бойынша кезектестiру арқылы пирамиданы жинау бiледi, яғни белгiлi бiр жүйеде басында көрсетумен, сосын сөздiк нұсқаумен әрекет етедi.
Көлемдi геометриялық фигуралармен (шарлар, кубтар және т.б.) ойналатын ойындар неғұрлым нәзiк көрiп, даралауды талап ететiн әрекеттердi орындау есебiнен күрделене түседi. 2-2,5 жастағы балалар қызықты қорапқа пiшiнi бойынша бiрдей, үш көлемдiк арақатыстағы: үлкен, кiшiрек, кiшкентай заттарды сала бiледi. 
Дидактикалық ойыншықтармен жүргiзiлетiн әртүрлi сабақ түрлерi өмiрiнiң 3-шi жылындағы баланың жан-жақты дамуына ықпал етедi: ақыл-ойын, дене тұлғасын, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелейдi, жұмыс қабiлетiн арттырады, оқуға деген құштарлығы пен бiлiгiн қалыптастырады.
Өтiнiш бойынша үлкен және кiшкентай затты көрсетудi үйретiңiз.
1. Бiр үлгiдегi заттардың үлкен және кiшкентай нұсқаларынан (үлкен және кiшкентай конверттер, қарындаштар, тастар, бәтеңкелер, күртелер, тәрелкелер, мәшинелер, орындықтар, печеньелер және т.б.) коллекция жинақтаңыз.
Бiр апта бойы үлкен және кiшкентай заттарды балаға өзiңiз көрсетiңiз және айтып отырыңыз. Содан кейiн баладан үлкен және кiшкентай заттарды көрсетудi өтiнiңiз.
Баланың алдына үлкен және кiшкентай қарындаштар қойыңыз. Одан қағаз бетiне үлкен қарындашпен сызық сызуды өтiнiңiз. Табысты орындалған жағдайда баланы мақтап қойыңыз. Басқа да заттармен қайталаңыз.
2. Баладан үйдегi үлкен және кiшкентай заттарды табуды өтiнiңiз.
3. Осы ұғымдарды қимылмен бекiтiңiз: балаға үлкен және кiшкентай қадамдар, үлкен және кiшкентай секiрулер жасауды, үлкен және кiшкентай орындыққа отыруды ұсыныңыз.
Пiшiндерi әртүрлi заттарды ажырата бiлудi үйретiңiз. Аяқ киiмнiң қорабынан дөңгелек, үш бұрышты және шаршы пiшiндi “тесiктерi бар жазықтық” жасаңыз. Фанерадан немесе қалың картоннан осы тесiктерге сәйкес бiрнеше фигураны кесiп алыңыз. Тесiкке бiр фигураны тастап жiберiп, баладан не талап етiлетiнiн оған көрсетiңiз. Сосын балаға басқа фигураны берiп, егер қажет болса, оны қайда тығуды көрсетiңiз. Балаға көмектесiп, оның қолын тесiкке бағыттаңыз. Ол осы дағдыны меңгерген сайын өз көмегiңiздi азайта берiңiз. Жетiстiктерi үшiн баланы мiндеттi түрде мақтаңыз. 
Пiшiндердi тиiстi тесiктердiң қасына қойыңыз, сосын бала оларды тиiстi жерiне салады. Әрбiр дұрыс жауаптан соң баланы мақтап отырыңыз. Тесiктердi әртүрлi түстермен айналдырып бояп қойыңыз, бала қызыл шеңбердi қызыл тесiкке немесе көк үш бұрышты көк тесiкке немесе сарғыш қызыл шаршыны сарғыш қызыл тесiкке салатын болады. Бала бұл тапсырманы орындауды үйренген кезде бағыттағышты – яғни, түстi алып тастаңыз.
Бiр түстi 4-5 сақинадан тұратын пирамиданы жинауды үйретiңiз. аланың алдына кему бағытына қарай жиналған пирамиданы қойыңыз. 
Шашуды ұсыныңыз. Алдымен қақпағын, сосын сақиналарды алуды үйретiңiз. Бала пирамида жинауды бiлгеннен кейiн оған ауызша нұсқаулар берiңiз: “Ең үлкен сақинаны алып, таяқшаға кигiз”. Қалған сақиналардан ең үлкенiн тағы тауып, өзекке кигiзедi. Осылай бүкiл пирамида (ең үлкен сақинадан ең кiшкентайына дейiн) жиналуы тиiс.
4 матрешкадан тұратын матрешкаларды жинауды үйретiңiз. Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинаған сайын бала сiздiң қимылдарыңызды қайталап көшiредi. 
Бала матрешканы жинап жатқанда оған ауызша нұсқаулар берiңiз: Ең кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Ендi қалғандарының iшiнен ең кiшкентай матрешканы тап та, кiшкентайын ана үлкенiне сал.
Егер сiз 5 матрешкадан тұратын матрешканы қолданатын болсаңыз, балаға алдымен бастапқы екi ғана матрешка берiңiз. Көлемi бойынша одан кейiнгi матрешканы ол өзi тапсын. Бұл оған оңай болады, өйткенi аз заттың iшiнен таңдауға тура келедi

Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинаған сайын бала сiздiң қимылдарыңызды қайталап көшiредi. 
Бала матрешканы жинап жатқанда оған ауызша нұсқаулар берiңiз: Ең кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Ендi қалғандарының iшiнен ең кiшкентай матрешканы тап та, кiшкентайын ана үлкенiне сал.
Егер сiз 5 матрешкадан тұратын матрешканы қолданатын болсаңыз, балаға алдымен бастапқы екi ғана матрешка берiңiз. Көлемi бойынша одан кейiнгi матрешканы ол өзi тапсын. Бұл оған оңай болады, өйткенi аз заттың iшiнен таңдауға тура келедi.
Баланың алдына кему бағытына қарай жиналған пирамиданы қойыңыз. 
Шашуды ұсыныңыз. Алдымен қақпағын, сосын сақиналарды алуды үйретiңiз. Бала пирамида жинауды бiлгеннен кейiн оған ауызша нұсқаулар берiңiз: “Ең үлкен сақинаны алып, таяқшаға кигiз”. Қалған сақиналардан ең үлкенiн тағы тауып, өзекке кигiзедi. Осылай бүкiл пирамида (ең үлкен сақинадан ең кiшкентайына дейiн) жиналуы тиiс.
4 матрешкадан тұратын марешкаларды жинауды үйретiңiз. 
Екi бiрдей ойыншық алыңыз, сiз матрешканы жинаған сайын бала сiздiң қимылдарыңызды қайталап көшiредi. 
Бала матрешканы жинап жатқанда оған ауызша нұсқаулар берiңiз: Ең кiшкентай матрешканы ал. Жарайсың! Ендi қалғандарының iшiнен ең кiшкентай матрешканы тап та, кiшкентайын ана үлкенiне сал.
Егер сiз 5 матрешкадан тұратын матрешканы қолданатын болсаңыз, балаға алдымен бастапқы екi ғана матрешка берiңiз. Көлемi бойынша одан кейiнгi матрешканы ол өзi тапсын. Бұл оған оңай болады, өйткенi аз заттың iшiнен таңдауға тура келедi.
Матрешканы пайдалану мiндеттi емес, осы қағидамен құрылған басқа ойыншықтарды да алуға болады (жұмыртқалар, бөшкелер): 
Геометриялық фигураны оның суреттегi бейнесiне таңдап алуды үйретiңiз.Бастар алдында балаға не iстеу керек екенiн көрсетiңiз. Допты және доп салынған суреттi көрсетiңiз. Баладан соны жасауды өтiнiңiз.
Шеңберлердi, шаршыларды және үш бұрыштарды алыңыз. Бала пiшiндi таңдап алмаса болмайды. Бастағанда балаға көк шаршыларды суретi салынған көк шаршыларға iрiктеуге берiңiз, түсi қосымша көмек болсын. Бала пiшiндердi осы пiшiндердiң салынған суреттерiне iрiктеп үйренгеннен кейiн осы пiшiндердiң боялмаған (контурлық) сұлбаларына көшiңiз. 
Балаға сызықтар сызуды үйретiңiз. 
Борды, жуан қарындашты, түрлi-түстi қарындаштарды, маркерлер мен фломастерлердi пайдаланыңыз. Қағазды қабырғаға бекiтiңiз. Бала сiздiң жоғарыдан төменге дейiн тiк сызық жүргiзгенiңiздi қадағаласын. Баладан тура соны жасауды өтiнiңiз. 
Егер қажет болса, оған көмектесiңiз. Соның көмегiмен баланың сызығын төмен бағыттау үшiн картон трафарет жасаңыз. Тура осылайша балаға көлденең сызықты, шеңбердiң, шаршының, үш бұрыштың суретiн салуды үйретiңiз.
Заттарды түсi бойынша iрiктеудi үйретiңiз.
Қызыл және ақ екi түстен бастаңыздар; қызыл және ақ түстi бiрнеше кубты iрiктеп алыңыз. Кубтарды екi үймеге бөлiңiз: қызылдарын бiреуiне, ақтарын екiншiсiне. “Қызылдарын мына жаққа, ақтарын мына жаққа”, - деп айта отырыңыз.
Балаға кубтарды түсi бойынша өзi орналастыруды ұсыныңыз. Қажет болса, оның қолын бағыттаңыз, кубтарды үймеге дұрыс орналастыруға көмектесiңiз.
Сосын сiздiң өтiнiшiңiз бойынша қандай да бiр түстегi кубты көрсетудi үйретiңiз. Айналадағы басқа да тұрмыс заттарын пайдаланыңыз.
Бала түстердi атауы бойынша ажыратуды үйренген кезде одан алдымен түстердi сiзден кейiн қайталауын, сосын өзi атауын өтiнiңiз.
Бала екi түстi меңгерген кезде тағы бiр көк қосыңыз, сосын бiр-бiрден: сары, жасыл, қара түстердi қосып отырыңыз.

Баланың жетiстiктерiне қуаныңыз, оны жиiрек мақтап отырыңыз.

Бала тәрбиесіндегі ойынның маңызы

Ойнау арқылы балалар айналасындағыларды, қоршаған ортаны танып-біліп, есте сақтау қабілетін арттырады, ойындағысын толық жеткізуді үйренеді. Сондай-ақ ойын олардың қиялына қанат бітіріп, алға жетелейді. Демек, ойын – жай ғана ермек не уақыт өткізу амалы емес, балалардың дұрыс өсіп-дамуында ерекше рөл атқаратын тәрбие құралы.

Ойынның психологиядағы алар орны

Үй ішіндегі тыныштық пен тазалықты талап етіп, баланың еркін ойнауына мүмкіндік бермеу – оның дұрыс дамып-жетілуіне кедергі келтіргенмен тең. «Айқайлауға болмайды!», «Жүгіруге болмайды!», «Секіруге болмайды!», «Шашуға болмайды!», «Сөйтпе-бүйтпе!» деп баланың еркіндігін шектеу арқылы оның жаңа нәрсеге қызығушылығын, құлшынысын басып, белсенділігін төмендетіп тастайтын ата-аналар болады. Осыдан кейін-ақ балалар енжар, жалқау, қорқақ, ұялшақ, ештеңеге қызықпайтын, сөзге шорқақ, ойын толық жеткізе алмайтын, тұйық болып өседі. Тіпті қалыпты дамуы тежеліп, қатарынан қалып қалуы да ғажап емес. Сондықтан балалардың дұрыс ойнауына, өздерін еркін сезінулеріне еш кедергі жасауға болмайды. Керісінше, мейлінше белсенді қозғалыста болуына жағдай жасап, ұзақ уақыт бір жерде отырып қалмауын қадағалаған жөн. Балаңызға уақытыңызды бөліп, бірге ойнаңыз, көбірек сөйлесіп, айналасындағыларды танып-білуіне мүмкіндік беріп, қызығушылығын оятыңыз. Бірақ балаңызбен ойнағанда ол жай бақылаушы болып сыртта қалмасын. Оның да ойынға араласып, ертегілеріңіздің негізгі кейіпкері болуын қадағалаңыз. Әйтпесе, жай қарап отырғаннан, біріншіден — жалығады, екіншіден — «Бұлай ойнау қолымнан келмейді. Тек үлкендер ғана осылай істей алады екен» деген ойда қалады. Бұған жол бермеңіз.

Сан алуан ойыншық

Балаңыз беріліп ойнап отырғанда оның ойынын бұзбауға тырысыңыз. Ойыншықтың көп болғаны емес, олардың әртүрлі болғанын қадағалаңыз. Ұл екен деп өңкей көлік немесе қыз екен деп тек қуыршақ әкеліп беру дұрыс емес. Түрлі жан-жануарлар, құстар мен жәндіктер, құрастырмақ ойыншықтар, музыкалық аспаптар, күрек, балға сынды құрал-саймандар, ыдыс-аяқ — ойыншықтардың түр-түрі болғаны дұрыс. Баланы тәрбиелейтін осы ойыншықтар болғандықтан да, күні кешке дейін тракторын дырылдатып отырғаннан ол ештеңе үйренбейді. Бір уақыт құрастырмақтармен үй құрастырсын, аң-құстың дауысын келтіріп, құрал-сайманды қалай пайдалануды үйренсін. Осылайша, бала ойнының бірсарынды емес, жан-жақты болуын қадағалаңыз.

Қандай ойыншықтар болады?

Ойыншықтардың төмендегідей түрлері бар: 1. Дайын ойыншықтар (қуыршақ, автокөліктер, жан-жануарлар, т.б.) 2. Жартылай дайын, яғни бөлек бөлшектерден тұратын ойыншықтар (құрастырмақтар) 3. Ойыншық-материал (құм, ермексаз, таяқшалар, т.б.)

Дайын ойыншықтар балалардың ой-өрісін кеңейтеді. Мысалы, тракторлар мен жүк көліктері жүк тасиды, ал қуыршақтарға тамақ беріп, ұйықтату керек. Ит үріп, үй күзетеді, мысық мияулап, сүт ішеді. Осыларды бір-бірінен айыра білудің өзі — балалар үшін жақсы жетістік.

Жартылай дайын ойыншықтар балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырып, әр нәрсеге мұқият болуға, ұқыптылыққа, ептілікке, алдына мақсат қоя білуге тәрбиелейді. Сан түрлі ұсақ бөлшектерді біріктіріп, қалауындағыдай затты құрастырып шығу, әрине, үлкен іс тындырғанмен бірдей.

Ал ойыншық-материал, яғни құмнан сарай салып, қорған тұрғызуға, ермексазбен әртүрлі жануарларды мүсіндеуге ебі бар баланың шығармашылық дарыны бар екені сөзсіз. Мұндай ойындар ұзақ уақытты, ұшқыр ойды, сабырлықты, ептілікті қажет етеді. Өкінішке қарай, көптеген ата-аналар тазалық жоқ деген желеумен балаларын құмда ойнатпай жатады. Бұл дұрыс емес. Әрине, «Құмды ауызына салып қоя ма?» деп қорқатын болар. Ендеше, ойнауына тыйым салмай, баланың жанына отырып, бірге ойнап, құмды ауызына салып қоймауын қадағалау керек. Сондай-ақ сумен ойнау да — балалар үшін қызықты ойынның бір түрі. Суды шалпылдатып, бір ыдыстан екінші ыдысқа құйып, шашып-төгу, қайық жүзгізіп, қуыршақтарын жуындыру балалар үшін ойын ғана емес, үлкен тәрбие құралы да. Кейбір еркетайлар суға шомылмақ түгіл, беті-қолдарын жуғызбай, жылап қашады. Демек олар — судың қандай рахат екенін, суда да ойнауға болатынын білмей өскен балалар.

Балалардың ойынға шын беріліп ойнауына — қуыршақтарымен бірге өмір сүріп жатқандай немесе сүйреп жүрген көлігінің ішінде өзі отырғандай сезінуіне жағдай жасаңыз. Әйтпесе, балаңыз тез зерігіп, ойыншықтарын бірінен кейін бірін алып, лақтыра бергеннен басқа ештеңе істемейді. Бұл ойын емес. Ойынды соңына дейін ойнау керек. Сонда ғана оның пайдасы, балаға берер тәрбиесі болмақ. Еркетайыңызға ойыншықтарының иесі өзі екенін, оларды шашпауы, жоғалтпауы, сындырмауы, сынып қалса, жасап алуға тырысуы керектігін үйретіңіз. Ойнап болған соң ойыншықтарын өз орындарына жинап қою керектігін де ерте бастан үйреткен абзал.

Балалар ойыншықтарын неге сындырады?

Психологтардың айтуынша, балалар көбіне көп дайын ойыншықтарды сындырады. Бастапқыда жаңа көлік қызық көрінгенімен, ылғи оны сүйреп жүруден бала зерігеді. Оның тағы сондай 10 көлігі бар. Сондықтан оны не лақтырып жібереді, не болмаса басқа мақсатта пайдаланып көрмек болады. Сөйтеді де, ойыншыққа «өзгертулер» енгізеді — дөңгелегін алып тастайды, есігін жабылмайтын қылады, тағысын тағы. Яғни оны өзінше жасап алады. Ал біздіңше сындырады. Кейде балалар ойыншықтарын зерттеп көру үшін, «Ішінде не бар екен?», «Қалай жасалған екен?» деген қызығушылықтан ашып көреді. Бұл үшін балаларды ұрысуға, не «Бәрібір сындырып тастайды» деп жаңасын алып бермей қоюға болмайды. Сондай-ақ ойыншықтарын әдейі лақтырып, ұрып сындыратын еркетайлар да бар. Оларға «Ойыншығың сынып қалса, басқа ойыншықтарың да қашып кетеді. Сындыруға болмайды. Одан да мынандай ойын ойнайық» деп алдап-сулап, сындыруға болмайтынын түсіндіру керек.

Мақаланы құрған күні 27.11.2020 14:10

Мақаланы жаңартқан күні 21.05.2025 16:46

Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области