Хабарландыру

2025 жылғы 31 Наурызда ОПМПК мамандары педагог-психолог Е. Н. Мащенко және әлеуметтік педагог С.Д. Цветун «Психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті: ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір бала үшін мүмкіндіктер кеңістігі» тақырыбында өткен облыстық шығармашылық тимбилдингке қатысты. Іс-шара СҚО Жамбыл ауданы ППТК-нің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Кездесу өте пайдалы және шабыттандыратын атмосферада өтті. Кездесу аясында ұйым кабинеттері бойынша экскурсия ұйымдастырды. Жамбыл ауданының ППТК ұжымы түзету — дамыту білім беру үдерісін ұйымдастыруда өз тәжірибесін көрсетті. ОПМПК мамандары өздерінің педагогикалық әзірлемелерін мастер — класс форматында ұсынды.


 

31.03.2025
Қаралым саны: 47
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области