Ақпарат

2025 жылғы 24 сәуірде «Облыстық психологиялық-педагогикалық консультация» КММ-нің базасында «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау» тақырыбы бойынша өңірлік ПМПК мамандарына арналған облыстық семинар-практикум өтті.

Семинар — практикум қатысушыларды балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалаудың әртүрлі аспектілерін қарауға және талқылауға кіргізді. Іс-шара барысында ОПМПК мамандары әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті, бірлескен жұмыста мамандардың күнделікті жұмысында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары анықталды. Семинар жаңа білім мен дағдыларды қалыптастырып, сонымен қатар тәжірибе алмасу, кәсіби қарым — қатынас, мамандықтағы жаңлықтар үшін бірегей алаңға айналды.

Семинарға 22 педагог қатысты.

 

 

 

24.04.2025
Қаралым саны: 47
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области