Қазақстанда төтенше жағдай еңгізілгеннен бастап облыстық психологиялық-медициналы-педагогикалық консультациясы қашықтық жұмыс үлгісіне ауысты. 16 наурыздан бастап жұмыс тоқтатылған емес. Ата-аналардың таңдауы бойынша ZOOM немесе WhatsApp желілерін қолданып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қарауға кірістік. Осы бағытта ОПМПК мамандары әр түрлі жастағы балаларға арналған зерттеу альбомдарының электронды нұсқасын жасады. Қаралған балалардың басым бөлігі үйде оқытылатын немесе түзету кабинетінде оқытылатын балалар.
Осы қызметтерді әрі қарай алу үшін ОПМПК қорытындысы жасалынады. Сонымен қатар арнайы(түзету) мектеп интернатында оқуды жоспарлаған, арнайы топта тәрбиеленетін және әлеуметтік қызметтер қажет ететін балалар қаралды. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытылатын төртінші сынып оқушылары оңалту немесе ПМПК қорытындысын нақтылау аясында жұмыс баталды. Консультац көмегіне бірінші рет жүгінген балалар да қаралды. Оларға алдын ала қорытынды мен ұсыныстар құрылды. Төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін бұл балалар тереңірек зерттеледі. Айта кетерлік жайт үйде оқытылатын балалардың ата-аналарының көбісі қашықтықтан қарауды ыңғайлы екенін айтып, қуанып қалды. Өйткені тірек-қимыл аппараты, эмоционалды бұзылысы бар және облыс орталығынан әлдеқайда қашықтықта тұратын балаларды әкелу қиынға түсетін. Ата-аналар ПМПК мамандарына ұсынған бейне материал деректер жинауда айтарлықтай көмегін тигізді. Өйткені балалар консультаци жағдайында берілген бір сағат аясында өздерінің меңгерген білімі мен дағдыларын толық қанды көрсете алмайды.
Біз мемлекеттік қызмет көрсету сапасын түсірмейіз. 16 наурыздан 27 сәуір аралығында 184 бала қаралды. Төтенше жағдай кезінде ОПМПК мамандары компьютер қолдану дағдыларының деңгейін арттырды. Бірақ, біз дағдылы консультация жағдайында жұмыс жасау кезін асыға күтеміз.
Қаралым саны: 443