Облыстық ПМПК педагогінің республикалық деңгейдегі жетістігі 🏆

Республикалық конкурстық комиссия отырысының Хаттамасына сәйкес «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі - 2026» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Облыстық психологиялық-медико-педагогикалық кеңес» КММ мұғалім-логопеді Середа Алёна Геннадьевна «Психологиялық-медико-педагогикалық кеңестің үздік педагогі» номинациясы бойынша жүлделі 2-орынға ие болды.

Бұл нәтиже консультациямыз педагогінің жоғары біліктілік деңгейін, педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігін көрсетеді.

Алёна Геннадьевнаны жоғары нәтижесімен құттықтаймыз және кәсіби қызметінде одан әрі табыстар тілейміз! 💐\

 

06.10.2026
Қаралым саны: 102
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области