ОБПМПК-дағы практикалық семинар

2026 жылдың 13 қазанында М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінің «Жекелей сүйемелдеуді ұйымдастыру» мамандығының білім алушылары үшін ОПМПК-да «ПМПК-да тексеруді ұйымдастыру және өткізу. ҚР инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог-ассистент» атты практикалық семинар өтті.

Іс-шара болашақ педагогтар үшін мазмұнды әрі пайдалы болды. Семинарда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі аспектілері қарастырылды:

- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда тексеруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау үдерісі және білім беру бағытын анықтау қалай өтеді;

- ПМПК қызметінің негізгі бағыттары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді әрі дамытушы ортаны құру үшін мамандар командасы қандай міндеттерді шешеді;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың санаттары;

- педагог-ассистенттер балалардың қандай даму ерекшеліктерімен жұмыс істейді;

- педагог-ассистент жұмысының мақсаттары мен негізгі әдістері.

Мұндай семинарлар әрбір бала үшін білім беруді шынайы сапалы, жайлы және қолжетімді етуге қабілетті білікті кадрларды даярлауда маңызды рөл атқарады.

 

15.10.2026
Қаралым саны: 98
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области