26 тамызда Астана қаласында «Адами капитал, білім және прогресс – Халық Конституциясының негізгі құндылықтары» тақырыбында Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті

Солтүстік Қазақстан облысы педагогтері делегациясының құрамында ОПМПК меңгерушісінің міндетін атқарушы Мащенко Елена Николаевна конференцияның пленарлық отырысына қатысты.

Мұндай ауқымды іс-шаралар оқу жылының басталуы қарсаңында қорытынды жасаумен ғана шектелмейді. Бұл – бүкіл білім беру жүйесін дамытуға серпін беретін, жаңа мағыналар, бағдарлар мен кәсіби міндеттерді айқындауға негіз болатын маңызды алаң.

Секциялық және пленарлық отырыстар барысында оқытудағы инновациялар, әрбір баланы қолдау және дамыту, цифрлық трансформация, сондай-ақ тәрбие институтын нығайту мәселелері талқыланды. Заманауи педагог пен білім беру ұйымы басшысының өзгерістер көшбасшысы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Конференцияның негізгі ұстанымы – білім беру жүйесі икемді, адамға бағдарланған және заман талабынан озық болуы тиіс.

Конференция алаңы еліміздің түкпір-түкпірінен келген әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген тиімді кәсіби ортаға айналды. Тікелей пікір алмасу мен пікірталастар алдағы оқу жылына жаңа серпін берді.

 

 

31.08.2026
Қаралым саны: 57
Премьер ӘділетЭлектронное правительствоОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области