2026 жылғы 10 тамызда облыстық тамыз конференциясы аясында инклюзивті және арнайы білім беру педагогтерінің «Цифрлық трансформация дәуіріндегі инклюзивті білім берудің заманауи педагогі: ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдаудың ресурстары, технологиялары мен мүмкіндіктері» тақырыбында секциялық отырысы өтті. Секция жұмысына ОПМПК әдіскері Г.Т. Ебишева қатысты.
Секция жұмысы барысында спикерлердің назарында Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құндылықтарды білім беру жүйесінде іске асыру, инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи басымдықтары, сондай-ақ нормативтік-құқықтық реттеудегі негізгі өзгерістер мәселелері болды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар білім алудың қолжетімділігін арттыру және білім беру процесін білім алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес дараландыру жолдарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың маңызды бағыттары айқындалды: инклюзивті білім берудің тиімді тәжірибелерін тарату, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс барысында цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен және мақсатқа сай пайдалану.


Қаралым саны: 130



