Мекен жайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 103.
Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 28 мамырда № 20744 болып тіркелді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.
Алдын ала жазылу күн сайын сағат 09:00-ден бастап жүзеге асырылады. 17:30 дейін:
- 8(7152)49-35-82 телефоны бойынша;
- Петропавл қаласы, Пушкин көшесі, 103 мекенжайы бойынша тікелей жүгінген кезде.
Егер сіз ПМПК-ға жүгінетін болсаңыз, онда ПМПК-ға келесі құжаттар пакетін ұсынуыңыз керек:
- Туу туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
- Мүгедектік туралы қорытындының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
- Денсаулық жағдайы бойынша үйде оқыту қажеттілігі туралы ДКК қорытындысы (үйде оқитындар үшін);
- 027/е нысаны немесе 112/е нысаны (емханадан);
- Білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
- Баламен бірге жүретін ата-аналардың бірінің жеке куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
- Ата-аналар мен балаларға арналған ауыстырылатын аяқ киім;
- Оқушылар үшін-оқыту тілі мен математика бойынша жұмыс дәптерлері;
- Мектеп жасына дейінгі балалар үшін-суреттер және басқа да нәтижелер.